Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанай облыстық соты бесінші қабаттан секіріп мерт болған шенеунік әйелге қатысты қылмыстық істі доғарды

AstanaTV
09.10.2014ж. 20:00
887
Қостанай облыстық соты бесінші қабаттан секіріп мерт болған  шенеунік әйелге қатысты қылмыстық істі доғарды

Қостанай облыстық соты бесінші қабаттан секіріп мерт болған  шенеунік әйелге қатысты қылмыстық істі доғарды. Бұл туралы  арнайы баспасөз маслихатын өткізген сот өкілдері мәлімдеді. Еске салайық, бірнеше күн бұрын  жемқорлыққа қатысты деп айыпталған Гүлфарида Тайырбергенова жоғарғы қабаттан секіріп, көз жұмды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметіне сай, сол күні «Сәулет және құрылысты  бақылау» департаментінің бірнеше шенеунігіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтуі тиіс болатын.

Күдіктілер қатарында марқұм Гүлфарида Тайырбергенова да бар. Ол пара алушы мен беруші тарапқа делдалдық  жасағаны үшін жауап беруге тиіс болған. 11 томдық қылмыстық іспен түгел танысып шыққан марқұмның ағасы істі тоқтату туралы өтініш жасады. «Оның арызы қанағаттандырылып, бүгін қаулы шығарылды», - дейді сот төрағасы.

Асылбек Жұмағұлов, Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы:

9 қазан 2014 жылғы қаулымен Тайырбергенова Гүлфарида Әбілқасым жөнінде қылмыстық  өндірісті қысқарту туралы. Басқа жағдайда енді қалған төрт адамға қатысты  іс ертең сағат онда  алдын ала тыңдауда қаралады жабық түрде.

Биылғы жылдың наурыз айында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаментінің бірнеше қызметкері қылмыстық жауапқа тартылған. Оларға құрылыс - монтаж жұмыстарына қажетті  рұқсатты бергені үшін кәсіпкерлерден пара алып отырды деген айып тағылған еді.

Заңғар САНАЙ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық