Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырау қаласы маңындағы Дамба ауылында өз-өзіне қол салу оқиғалары тым жиілеп кеткен

AstanaTV
09.10.2014ж. 20:00
1319
Атырау қаласы маңындағы Дамба ауылында өз-өзіне қол салу оқиғалары тым жиілеп кеткен

Ал Атырау қаласы маңындағы Дамба ауылында соңғы кездері өз-өзіне қол салу оқиғалары тым жиілеп кеткен. Жыл басынан бері мұнда 10 шақты тұрғын  жұмбақ өлімнің құрбанына айналды. Жайықтың дәл жағасында орналасқан ауылдың тұрғындарынан бүгінде маза қашқан. Бүгін олар жергілікті имамдардың кеңесіне құлақ асып, құрбандық шалып, діни рәсім өткізді.

Қабекен Ділмұханов, Дамба селосының тұрғыны:

Қазір елде ауру шығып жатыр ғой.  Асылып қалатын бар, жаңағы өз-өзінен құтыратындар бар. Соларға бәле-жәледен құтылу үшін, бәле-жәледен сақтану үшін халық болып жиналып, садақа беріп жатырмыз. Асылып қалғаны 5 адам осы ауылдың өзінен. Көрші ауылдардан 3-4 адам. Жалпы былай есептегенде, 7-8 адам кетті-ау деймін.

Орынша Таңбергенова, Дамба селосының тұрғыны:

Жиендерім бар, екеу. Үйде отырады, оқиды. Қалада оқиды.  Келгенше, есіміз кетіп отырады. Бастарыңа орамал тартып жүріңдер, далаға шыққанда үлкен кісіні ерітіп барыңдар деп айтып отырамыз.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, өз-өзіне қол жұмсағандар 17 мен 40 жас аралығындағы дені сау жастар. Беймәлім дертке шалдығып, делқұлының күйін кешкен жандар да бар. Бүгінде 600-ге жуық түтіні бар ауылды үрей билеген.  Ата-аналар балаларының өміріне уайымдап әр қадамын аңдып әлек. Ал дін жолындағы азаматтардың жұмбақ өлімнің көбеюіне қатысты өз уәжі бар.

Эммат Ғұмаров, Құспан молла мешітінің бас имамы:

Ластықтан келетін нәрсе. Жайықтың, судың болсын, басқа жерден болсын, ластануынан, әкеліп соғады. Көптеген жастарымыз, жас босанып келген болсын, тазалықпен жүрмеуі. Дін исламда көп нәрсе тазалықты сүйеді. Ашық-шашық, тазаланбай жүруі барлығының кесірі жаман нәрсеге жын жақын болады ғой. Болып жатқан жағдайы осы.

Базаркүл ІЗІМОВА