Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте көмірдің бағасы 10-15 пайызға қымбаттады

AstanaTV
16.10.2014ж. 20:00
1814
Шымкентте көмірдің бағасы 10-15 пайызға қымбаттады

Шымкентте де қатты отынның бағасы қымбаттады. Жылыту маусымы басталмай жатып көмірдің нарқы 10-15 пайызға өскен. Мәселен, өңірде Шұбаркөл көмірінің тоннасы дәл қазір 10 мың теңгеден сатылып жатыр. Өткен жылы қала тұрғындары отынның бұл түрін 8-8,5 мың теңгеде саудалаған. Ал көктемде жеткізушілер көмірді 9 мың теңгеден сатқан. Олардың айтуынша, бағаның өсуіне темір жол тасымалының қымбаттауы себеп болған.

Қазір аймақта көмірдің Шұбаркөл, Қарағанды, Богатырь және Жалын деген түрлері бар. Сапасына қарай бағасы. Көмір сататындар 8 мың 700 теңгеге сатып алуға болатын көмір де бар, алайда оның сапасы төмен екенін айтты. Ал барынша сұрыпталған, ірілерін тоннасына 11 мың теңгеден алуға болады екен. Себебі тазартудан өткеннен кейін қатты отын бағасы қымбаттай түседі. Отын іздеушілер бағаның көтерілгенін естіп тосылғанмен, көндікпеске шаралары жоғын айтады. Осы жылға бұл база елу мың тонна отын әкеліпті. Оның 15 мың тоннасы  бюджеттік мекемелерге таратылса, тұрғындардың алпыс пайызы қыстың қамын жасап үлгерді дейді мұндағылар.

Ғани Мырзабаев, көмір базасының басшысы:

Бағасы өткен жылғыдан 10-15 процентке жоғары. Енді ол транспортировкаға байланысты. Қазір мынау ГСМ бәрі қымбаттап кеткен. Сол себептен кішкене көтеріліп тұр. Енді біз үстіне кішкене ғана ғой 500 теңгедей ме, сондай-ақ қосылады. Ал сол жақтың бағасымен келген накладной келеді. 8 мыңнан 10 мыңның арасында көміріміз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ