Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Сауд Арабиясының алдағы баға саясаты белгісіз

AstanaTV
17.10.2014ж. 10:00
960
Сауд Арабиясының алдағы баға саясаты белгісіз

Бағасы түсімінің тұсында жатқанда мұнай нарығы Сауд Арабиясының саясатын түсінуге тырысуда. New York Times газеті осылай жазды.

Қазіргі күні барлық елдердің назары Эр-Риядта болып тұр. Себебі, «қара алтынның» бағасын белгілеу жалғыз осы мемлекетке байланысты. Мақалада айтылғандай, бірі - өз бәсекелестерін әлсірету үшін мұнай бағасын төмендетуде деп сауд арабиялықтарға кінә артса, енді бірі - мемлекет тек базардағы өз позициясын ұстап қалуға тырысып жатыр, дейді. Осы орайда Сауд Арабиясы базардағы өз үлесін қысқартпастан бұрын, бірнеше жыл төмен бағамен өмір сүруге дайын.

Crescent Petroleum компаниясының бас директоры Бадра Джафардың айтуынша, саудтықтардың бұл стратегиясы АҚШ пен Канаданың қатпарлы табыскерлерін төмен бағамен қорқыту. Оған қоса, мұнай бағасының төмендеуі - бірінші кезекте саяси бәсекелестер Иран мен Сириға соққы болады, және төмен баға Сирия президенті Башар Асадтың ең басты халықаралық одақтастарының бірі - Ресейге де әсер етеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ