Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Африкада Эбола вирусынан 240-қа жуық дәрігер қаза болды

AstanaTV
17.10.2014ж. 10:00
825
Африкада Эбола вирусынан 240-қа жуық дәрігер қаза болды

Африкада Эбола безгегінен қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны 236 адамға жетті. Мұндай мәліметті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтіріп отыр.

Тағы 2700 дәрігер аса қауіпті дертті жұқтырған. Осы аптада Эболадан қайтыс болғандардың жалпы саны 4 жарым мыңнан асып жығылды. Ал, вирусты жұқтырғандардың жалпы саны - 9 мыңға жуықтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, Эбола вирусын жұқтырғандар саны әр төрт апта сайын екі еселене түсуде. Осыған қарамастан, әлем елдері аталмыш дертпен күресуге қаржы бөлуді тоқтатар емес. Бүгін Қытай осы мақсатқа 98 миллион доллар бөлуге әзір екендіктерін мәлімдеді.

Ал, Британия Сьерра Леонеге өзінің әскери қызметкерлерін жіберді. Әлемдегі көптеген елдер, әсіресе Батыс Африка елдерімен қатынас жасайтын мемлекеттер әуежайларында жолаушыларға тексеріс жүргізді. Алайда, сарапшылар мұндай шаралардың пайдасы шамалы, деп отыр. Себебі, вирусты жоятын вакцина жоқ.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ