$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Италия үкіметі көмек ретінде Иракқа 280 әскери нұсқаушы жөнелтпек

AstanaTV
17.10.2014ж. 13:00
1195
Италия үкіметі көмек ретінде Иракқа 280 әскери нұсқаушы жөнелтпек

Италия Иракқа қол ұшын созды. Исламдық бағытты ұстанған содырларға қарсы күреске 280 әскериін жіберді, деп хабарлайды «ИТАР-ТАСС», Италияның қорғаныс министрі Роберта Пиноттиге сілтеме жасап.

Ал бұған дейін Иракқа Испания да көмектеспек болған еді. Аталмыш елдің қорғаныс министрі Педро Моренес Бағдатқа 300 сарбаз жіберілетінін мәлімдеді. Олар таяу Шығыстағы әріптестерінің әскери біліктілігін арттырады. Соғыс қимылдарын үйретеді. Алайда испандық әскерилер негізгі ұрысқа қатыспайды.

Айта кетерлігі, Бағдат халқын қазір үрей билеген. Адамдар арасында «Ислам мемлекетінің» сарбаздары ел астанасына жақын қалды деген алып қашпа сөздер тараған.

Гуфран Хаддад, тілші:

Әрине мен алаңдап жүрмін. Алып қашпа әңгімені Ислам мемлекетінің содарлары өздері де таратуы мүмкін. Бірақ бұл сөздер негізсіз болмауы мүмкін. Мен журналист, азамат ретінде ислам содырлары тоғыз ай бұрын Мосулды басып алды дегенді естігенде, күлген едім. Мосул сынды провинция алынбайды деген болатынмын. Алайда қазір Бағдат исламшыл жасақтардың бақылауында қалды дегенді естісем, таң қалмаймын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ