Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазіргі қоғамда адамдар қалай танысып, қалай табысып жатыр?

AstanaTV
17.10.2014ж. 20:00
3201
Қазіргі қоғамда адамдар қалай танысып, қалай табысып жатыр?

Танысудағы тосқауылдар.  Шапшаң дамыған, уақыт тапшы қазіргі қоғамда адамдар қалай танысып, қалай табысып жатыр?  Жалғызбастылар проблемасын «жеңгетай» агенттіктер шешіп бере ала ма? Ал танысу кештерінің «клиенттері» арасында кім бар?  «Астана» арнасы тілшісі Айгүл Әдепбай қала бойдақтарының жабық кешіне өтіп, эксперимент жүргізіп көрді.

- Мақсат, мақсатым - танысу. Көруге қандай, не? Мынадай шараға бірінші рет келуім. Жақсы адаммен танысып көруге.

Қыздардың талаптарына жігіттер сай ма? Үлкен қалада жар іздей ме, әлде «демеуші» мен «тоқал» қарастыра ма? Біздің тілшіміз «үй болу» қиындықтарының қыр-сырына үңілді.

- Жалақыңыз жоғары ма? - Жоқ, былай енді өзіме жетеді. - Екеумізге жетпейді ғой!.. А вы сами замужем? - Нет.

Светлана Құдиярова, психолог:

Бірінші - мақсат қою керек. Иә, мен тұрмыс құрғым келеді. Алдын ала жоспарлап, мақсатты белгілеп қойсақ, сол мақсатқа адам міндетті түрде жетеді. 

Өмірлік серігін іздегендер мен жан жарын жолықтыра алмай қиналғандар проблемасы туралы ертең «Біздің уақытта». Танысу кешінің нәтижесін сенбі, 20.30-да білуге болады.