Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мұхтар Алтынбаев: Үкімет білікті мамандарды оңды-солды жұмыстан босатып, текке шашылмауы тиіс

AstanaTV
17.10.2014ж. 20:00
1723
Мұхтар Алтынбаев: Үкімет білікті мамандарды оңды-солды  жұмыстан босатып, текке шашылмауы тиіс

Үкімет білікті мамандарды оңды-солды  жұмыстан  босатып, текке шашылмауы  тиіс.  Бұл сенатор Мұхтар Алтынбаевтың  пікірі.  Генерал осылайша Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың отставкаға кетуіне қарсылығын білдірді. Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрі қол астындағы қызметкерінің пара алғандығы дәлелденетін болса, қызметінен бас  тартатынын мәлімдеген еді.

Күні кеше Астана қалалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-вице-министр Мүслім Өмірияевті 10 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, ведомство басшысы оның кінәлі екеніне сенбейді. Фейсбуктегі парақшасында  Асылжан Мамытбеков  осылай деп жазды. «Қызметімді де бағалаймын, бірақ айтылған сөз - атылған оқ. Егер Өмірияевтың қылмыскер екені дәлелденсе, отставкаға кетемін» депті. Бүгін интернет басылымдардың бірі белгісіз ақпарат көздерініе сілтеме жасай отырып, «Мамытбеков жұмыстан кету  жайында  өтініш жазды» деген ақпарат таратты.  Алайда бұл хабар ресми дәлел тапқан жоқ.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Әркім өзінің жұмысын істеп жатыр. Егер оның тәжірибесі мол болса, жұмысын білсе, онда істей берсін. Қандай қажеттілігі бар оны алып тастауға. Бүгін біреуін алып, ертең екіншісін алып, сонда қайда барамыз біз. Ол дұрыс емес.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА