Оңтүстік Қазақстан облысында Алпамыс
батырға арналып ескерткіш ашылды. Эпостық
жырлардың қаһарманының тас тұлғасы Тәуелсіздік мерекесіне орай бой көтерген.
Арғымақ мінген алып батыр мүсіні
Мақтарал ауданында тұғырға қонды. Батырдың тас бейнесінің биіктігі - 14 метр,
онда Алпамыс бабамыз «Байшұбар» атына қонып, қару-жарағын асынған күйі ұрысқа
дайын тұрған келбеті бедерленген. Ескерткіш
тоғыз жолдың торабында орын теуіпті. «Құдды ел таныштығын
күзетіп тұрғандай», - деп баға берді
жиналғандар. Мыстан құйылған батыр бейнесі өңірдің демеуші азаматтарының
қаржысына жасалған.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан
облысында Алпамыс батырға қойылған бұл осымен екінші еңселі ескерткіш.
Бауыржан Оңғарбаев, «Алпамыс Батыр» қоғамдық қорының президенті:
Өлі риза болмай, тірінің тіршілігі ешқашан алға жылжымайды дейді, сол
айтпақшы мына елдің тіршілігі де, жұмысы да, әйтеуір күн көрісі де бәрі жақсы
болсын деген ниетпен істеп жатырмыз. Басқаларға үлгі болсын деп.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ