Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан құрамасы 17-ші Азия ойындарында 84 медальді иеленіп, командалық есепте 4-орынға табан тіреді

AstanaTV
17.10.2014ж. 20:00
827
Қазақстан құрамасы 17-ші Азия ойындарында  84 медальді иеленіп, командалық есепте 4-орынға табан тіреді

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен 17-ші Азия ойындарында жоспарды асыра орындады. Бастапқыда 25 алтын медальді ұтып алу жоспарда болған. Ал іске келген 28 алтын жүлде құрама қоржынына түсті. Жалпы саны 84 медальді иеленген ел құрамасы командалық есепте 4-орынға табан тіреді.

Корея жерінде ел намысын аброймен қорғаған спортшылар мен олардың бапкерлері бүгін ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бокстан ұлттық құрама спортшылары 6 алтын медальді ұтып алса, жүзуден Дмитрий Баландин Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Каратэшілеріміз де қалыс қалмай, 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді ұтып алды. Қалған спортшыларымыз да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Азия ойындарында ел абройын асырып қайтты.

Самат ҚАНАҒАТОВ