$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Эбола індеті Швецияға жетті

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
1036
Эбола індеті Швецияға жетті

Эбола індеті Швецияға де жеткен сыңайлы.  Вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ер адам ауруханаға жеткізілді. Қызуы көтерілген науқасты дәрігерлер Стокгольм әуежайынан оқшаулап әкетті. Белгілі болғандай, ол Таяу Шығыстан ұшып келген. Кедендік бақылаудан өткенде өзін нашар сезініп, мұрнынан қан ағады. Полицияның  мәліметі бойынша, жолаушы бірнеше күн бұрын Африкаға барыпты. 

Ал Испанияда осы індетті бірінші болып жұқтырған медбике сауықты. Тереса Ромеродан  алынған қан сынамасының нәтижесі оның дерттен арылғанын көрсеткен. Еске салайық, медбике Эболадан көз жұмған испандық дін қызметшісіне күтім жасап, өзі де ауру жұқтырған.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген  ақпарат бойынша, Эболаны 9 мыңнан атсам адам жұқтырып, оның 4 555-і қайтыс болған. Індет Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия елдерінен бастау алды. Кейін Кәрі құрлық пен АҚШ-қа да таралды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА