$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Давостағы 46-шы Дүниежүзілік экономикалық форум технологиялық революцияларға арналмақ

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1917
Давостағы 46-шы Дүниежүзілік экономикалық форум технологиялық революцияларға арналмақ

Давостағы 46-шы Дүниежүзілік экономикалық форум технологиялық революцияға арналады. Халықаралық диалог алаңының негізін салушы Клаус Шваб форумға қатысатын елдер жаңа технологиялар туындатқан мәселелерді көтеруі керек деп отыр.

Рейтерстің хабарлауынша, сарапшылар жасанды интеллект, робот техникасы, нанотехнология салаларындағы жетістіктер жайлы пікір алмаспақ. Клаус Шваб бұл технологиялық жаңалықтар түбінде экономиканың дамуына қызмет етеді. Сондықтан, болашақта кездесуі мүмкін кедергілерді бүгіннен бастап анықтау қажет деген ойда. Экономикалық саммит қаңтардың жиырмасы күні Швейцарияның Давос қаласында жұмысын бастайды.

Клаус Шваб, Дүниежүзілік экономикалық форумның  президенті:

Бұл төртінші революция бізге цунами сияқты келе жатыр.  Оған дайын болмасақ, арты неге соқтырары белгісіз. Қазір жоғарғы және төменгі инновациялық салаларда көптеген жұмыс орындары шоғырланған. Егер олардың орнына жаңа технологиялар келетін болса, әлеуметтік шеттету орын алуы мүмкін. Ал, біз одан аулақ болуымыз керек.

Берік ХАСЕНОВ