Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес айына арналған флэш-моб өтті

AstanaTV
23.10.2014ж. 13:00
1354
Алматыда сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес айына арналған флэш-моб өтті

Алматыда халықаралық сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығына арналған флэш-моб өтті. Жүзге жуық болашақ дәрігерлер өздерінің өнерлерімен метрополитен жолаушыларының назарын аударды.

Жалынды биден кейін жас мамандар метро станцияларындағы жолаушыларға қатерлі дертке қатысты тегін кеңес алуға шақырды. Тура жер астындағы Жібек жолы бекетінде жоғары дәрежелі маммолог-дәрігерлер тексеріс жүргізіп, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара мақсаты - көпшіліктің назарын онкологиялық аурулардың дер кезінде анықталуы мен алдын алу мәселесіне аудару. Себебі, қазіргі таңда жыл сайын елімізде сүт безінің қатерлі ісігіне 4 мыңға жуық әйел заты шалдығады, оның 1500-і дерт салдарынан көз жұмады. Сүт безі қатерлі ісігінің емі болса да, көптеген нәзік жандылардың көз жұмуына аурудың кеш анықталуы себеп. Сондықтан мамандар, жыл сайын тексеріліп тұруға шақырады.

Әйгерім Қожахметова, «Еуразиялық денсаулық сақтау қауымдастығы» ҚБ баспасөз хатшысы:

Сүт безі қатерлі ісігінін ерте табу ол - одан 100 пайыз арылудың кепілдігі. Ал, оның өте кеш табылуы бұл өте қауіпті. Сондықтан, әйел адамдарын өз өмірлері үшін, жақындары үшін әр ауруханада тегін өтуге болады, содан өтуге шақырамыз.

Берік ХАСЕНОВ