Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресейдегі Внуково әуежайындағы қар тазалаушы көліктің жүргізушісі екі айға қамауға алынды

AstanaTV
23.10.2014ж. 20:00
1270
Ресейдегі Внуково әуежайындағы қар тазалаушы көліктің жүргізушісі екі айға қамауға алынды

Ресейдегі Внуково әуежайындағы қар тазалаушы көліктің жүргізушісі Владимир Мартыненко екі айға қамауға алынды. Ол әуежайда болған ұшақ апатына кінәлі деп танылған еді.  «Шешімді Мәскеу  Басман соты шығарды», - деп хабарлайды  Рейтерс агенттігі. Ресей тергеу комитетінің қызметкерлері апат кезінде жүргізуші мас болған деп мәлімдеген. Ал оның адвокаты болса, қорғалушысының  ішімдікті  мүлдем ішпейтінін дәлелдеп бағуда.

Внуково әуежайының диспетчерлері болса, кінәлі деп танылған төрт азаматты босатуды талап етіп отыр. Айтуларынша, ұшуға жауапты Роман Дунаев, әуежай  маңындағы қар тазалау жұмыстарына жауапты Владимир Леденев пен тағы екі диспетчердің ұсталуы заңсыз. Олардың оқыс оқиғаға қатысты екендігі дәлелденген жоқ, деп есептейді әріптестері.

Еске салсақ, 21 қазанда Внуково әуежайында Total мұнай компаниясының президенті  Кристоф де Маржери  отырған ұшақ апатқа ұшырады. Экипаж мүшелерін қосқанда, 4 адам опат болды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА