Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «Отан үшін отқа түскендер» фильмінің тұсаукесері өтті

AstanaTV
23.10.2014ж. 20:00
1107
Астанада «Отан үшін отқа түскендер» фильмінің тұсаукесері өтті

Астанада «Отан үшін отқа түскендер» фильмінің тұсаукесері өтті. Оған  ардагерлер, Мәжіліс депутаттары мен жас буын өкілдері қатысты. Украинадағы Қазақстан елшілігінің тапсырысымен түсірілген фильмге қажет материалдарды жинақтауға 2 жылдай уақыт жұмсалған. Идея авторы Зауытбек Тұрысбековтің айтуынша, фильмде бұған дейін айтылмаған деректер, еш жерде көрсетілмеген мұрағат бейнематериалдары қолданылды. Қазақ жауынгерлерінің ерлігін көзімен көрген украиналықтардың естеліктері де бар.

Украинаны босатудағы ұрыстарға 600 мың қазақстандық қатысып, оның 300 мыңы сол елде жерленген. Шайқастарда көрсеткен  ерлігі үшін 156 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Фильмде  Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаев пен  Қасым Қайсеновтің ерліктері  туралы Украина ардагерлері тебірене әңгімелейді. Сондай-ақ, туындыда Қазақстаннан майданға аттанған 106-шы кавалерия мен 102-ші атқыштар дивизиясы сарбаздарының құрметіне орнатылған мемориал тақтаның ашылуы  көрсетілді.

Тұсаукесерден соң идея авторы Зауытбек Тұрысбековке, жоба жетекшісі  Ерлан Бекхожин мен  фильм режиссері Назгүл Абутұраповаға Ауған соғысы ардагерлерінің қауымдастығы атынан «Шапағат» медалі табыс етілді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Вот какой памятью мы должны жить. Эта - святая память. Это укрепляет самые светлые чувства каждого из нас. Наш долг - во имя павших утверждать добро в этой жизни.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ