$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қостанайда жергілікті билік су жүйесін бүгін ішінара іске қосуға уәде беріп отыр

AstanaTV
24.10.2014ж. 13:00
1228
Қостанайда жергілікті билік су жүйесін бүгін ішінара іске қосуға уәде беріп отыр

Қостанайдың бірнеше шағын ауданына әлі су берілген жоқ. Алайда жергілікті билік су жүйесін бүгін ішінара іске қосуға уәде беріп отыр.

Еске салайық, өткен жұмада қаладағы Нариманов атындағы көшедегі кәріз құбыры істен шығып, 200-ге жуық көп қабатты үй ыстық және суық сусыз қалған болатын. Жарылған құбырды қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасуда. Апат аумағында «Қостанай-Су» кәсіпорнының жұмысшылары күні-түні жұмыс істеп жатыр. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін қаланың оңтүстік бөлігін судан ажыратуға тура келіпті. Ал тұрғындарға ауыз суды жиырмаға жуық көліктер тасымалдап жүр. Қазір жарылған құбырды жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Қалалық әкімдік желіден ажыратылған көп қабатты үйлер мен жеке сектордағы баспаналарға бүгін түстен кейін су біртіндеп беріле бастайтынын хабарлады.

Самат Жанділдин, Қостанай қалалық әкімдігінің бас инспекторы:

Қазіргі таңда Нариманов-Маяковская қиылысындағы кәріз құбырының жарылысынан болған апаттың жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. Жұмыстар жалғасып жатыр. Осы бүгінгі күні түстен кейін сағат 16-лар шамасында су берілмеген көп қабатты үйлер мен жеке сектордағы үйлерге су беріледі деп күтілуде.

Заңғар САНАЙ