Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Рудныйлық Виктория Ганяның өліміне қатысы бар тағы бір күдікті пайда болуы ықтимал

AstanaTV
24.10.2014ж. 20:00
1021
Рудныйлық Виктория Ганяның өліміне қатысы бар тағы бір күдікті пайда болуы ықтимал

Кісі қолынан қаза тапты делінген рудныйлық 7 жасар Виктория Ганяның өліміне қатысы бар тағы бір күдікті пайда болуы ықтимал. Бүгін ақпарат құралдарында бұл жағдайға қатысты 2 түрлі жаңалық жарияланды. Басылымдардың бірі: «Осыған дейін қамауға алынған психикалық ауытқуы бар 19 жастағы күдіктінің қанды оқиғаға қатысы болмай шықты. Сондықтан ол босатылды», - деп жазады.

Ал екінші ақпарда «ұрлық жасады деген айыппен 31 жастағы Рудный тұрғыны ұсталды. Қамауға алынған жігіт оқушы қызды өлтіргенін мойындады» делінген. Бұл жәйтке қатысты құзырлы органдардан қандай да бір ресми ақпарат алу мүмкін болмады. Ішкі істер министрлігі тергеу құпиясына орай деректер әзірге айтылмайды деп отыр. Ал прокуратура мен сот өкілдері журналистерге мұндай ақпарат берілмегенін айтады.

Татьяна Лапикова, Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Іс те бізде емес. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша іс сотқа өткенде ғана, түсініктеме бере аламыз. Рудныйға қатысты ақпарды кімнің жазғанын білмеймін. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ