Бейжіңде «Азиялық инфрақұрылымды инвестициялау банкі» деген атаумен жаңа халықаралық қаржы институтының тұсауы кесілді. Банктің мақсаты - Азия мемлекеттеріндегі инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлу. Ол үшін банкке 50 миллиард АҚШ доллары салынған. Ал бақылау пакеті Қытайдың қолында. Халықарарлық сарапшылар «Бейжің жаңа қаржы құрылымын Азия даму Банкі мен Дүниежүзілік банктің жұмысына көңілі толмағандықтан ашты» деген пікір білдіруде. Олар көбіне Қытайдың экономикалық салмағын ескермей, АҚШ пен оның серіктестерінің саясатын қолдайды.
Ал қыркүйектегі
жағдай бойынша Қытайда баспана бағасы
1,1 пайызға түскен. Бұған дейін ол екі жыл қатарынан өсумен болған еді. Ел
экономикасының 25 пайызын құрайтын жылжымайтын мүлік нарығында бағаның түсуі
Қытайға кері әсер етері анық. Соңғы аптада Орталық банк нарықты қолдау үшін,
баспанасы барларға жеңілдетілген ипотекалық несие беруді бастады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ