Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Саясаттанушылар Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдайды

AstanaTV
15.01.2016ж. 20:00
1820
Саясаттанушылар Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдайды

«Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы депутаттар ұсынған бастама өте дұрыс». Осылай деген бірқатар саясаттанушылар, мемлекет басшысы ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін, мықты әрі кәсіби Парламент керек, дейді. Олар әлемде қаржылық қиындықтар орын алған қазіргідей кезеңде заң шығарушы органға тез шешім қабылдайтын білікті мамандар келеріне сенеді.

Сейілбек Мұсатаев, саясаттанушы:

Бизнесмендерге де, экономистерге де бүкіл қоғамымыздың дамуына Президентіміз жаңадан ұсынып отырған Ұлт жоспарын жүзеге асыру, бәріне билік институттарының тұрақтылығы қажет. Кәсіби Парламент қалыптасса, нағыз жоғары дәрежедегі. Екіншіден, парламенттің құрамына бұрынғыдан да көп саяси партиялар кірсе, фракцияларын ұсынып. Яғни бұл өз кезегінде мына қоғамдағы азаматтық қоғам институттарының кеңінен тартылуына ықпал ететін еді.

Бөріхан Нұрмұхамед, саясаттанушы:

Алдымыздағы қиыншылықтар қазіргі қиыншылықтарға қарағанда одан да күрделі. Тұрақтылық қоғамда саяси өмірімізде сақтау үшін, осындай сайлауды мерзімінен тыс өткізуге біз дұрыс бастама бастадық. Менің ойымша, жаңадан сайланған депутаттар, былай айтқанда, "более динамичный" болады деп ойлаймын.

Самат ҚАНАҒАТОВ