$459.92 €501.31 ₽6.62
×

Сарапшылар Парламент Мәжілісінің құрамы жаңару керек деген пікірде

15 қаңтар 2016
1249
Сарапшылар Парламент Мәжілісінің құрамы жаңару керек деген пікірде

«Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасы - қазіргі экономикалық ахуалда қажетті шара». Бірқатар қоғамдық ұйым өкілдерінің пікірі осы. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры Марат Башимов пен «Қазақстанның азаматтық Альянсы» бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов депутаттардың бастамасына қатысты ойын білдірді. Депутаттардың құрамы жаңарып, жасару керек деген ұсыныстарын да жеткізді.

Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:

Шынын айту керек, Азаматтық альянс, мен өзі азамат ретінде, қоғам мүшесі ретінде осы шешімді мен қолдап отырмын. Себебі бұл уақытылы ұйымдастырылған депутаттардың өздерінің шешімдері. Сондықтан мен оны қолдаймын.

Марат Башимов, Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылар институтының директоры:

Сарапшыларда ұсыныс бар, болашақта білетін кісілер, патриот кісілер, жастау. Ашық болсын, бізге осы керек қой.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар