Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Франция мен Германия үкіметі «Боко Харам» террористтік ұйымымен күресте барынша көмек көрсетуге әзір

AstanaTV
28.10.2014ж. 13:00
987
Франция мен Германия үкіметі «Боко Харам» террористтік ұйымымен күресте барынша көмек көрсетуге әзір

Дүйсенбіде Франция мен Германияның сыртқы істер министрлігі «Боко Харам» террористтік тобымен күрес жүргізіп жатқан Нигерияға көмек көрсетуге бел байлағандарын мәлімдеді. Олардың мұндай шешімге келуіне содырлардың ел орталығында болған атыс кезінде, 17 адамды атып, қарапайым адамдарды ұрлап кетуі себеп болды. Мұндай әрекеттер - осыдан он күн бұрын Чадта «шабуылдарды доғару режимі» туралы Нигериямен қол қойылған келісім-шартты бұзу болып табылады.

Дәл осы келісім сәуірде Чибок ауылында тұтқынға алынған 200-ден аса қыздың босатылауын қамтамасыз ететін құжат еді. Қазір Чад, Нигерия, Бенин, Камерун және Нигерия «Боко Харам»-ға қарсы бірлескен салмақты шаралар қолдануға дайындалып жатыр.

Лоран Фабиус, Францияның сыртқы істер министрі:

Біз сіздердің «Боко Харам» террористтік тобына қарсы күрестеріңізді қолдаймыз. Бұл тек сіздердің ел үшін ғана емес, барлық аймақ үшін де қажет күрес. Біз Чибок ауылында тұтқынға алынған қыздарды босату үшін жасап жатқан еңбектеріңізді бағалаймыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ