$445.68 €478.35 ₽5.57
×

Алматыдағы жанжалды постердің авторлары айыппұл төлейтін болды

AstanaTV
28.10.2014ж. 20:00
982
Алматыдағы жанжалды постердің авторлары айыппұл төлейтін болды

Құрманғазы мен Пушкинді «сүйістіргендер» Алматы консерваториясына 34 миллион теңге айып төлейді. Алматы қаласының Алмалы аудандық нөмірі екінші соты атышулы іске нүкте қойды.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз-хатшысы:

Іс материалын зерделей келе, сот аталған постерді жасаған компанияны Құрманғазы атындағы консерваторияға 34 миллион айыппұл төлеуге міндеттеді. Және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрауға міндеттеді.

Бірақ соттың шешімі әлі күшіне енген жоқ, сондықтан қарсы тарап шағым жазып, шешімді өзгертуге құқылы.

Еске салсақ, Алматыдағы түнгі клубтардың бірі Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастықтың әлеуметтік жарнамасында Құрманғазы мен Пушкиннің бейнесін анайы суреттелген кейіпте қолданбақ болған. Әлгі қауымдастықтың бұл тапсырысын Havas Worldwide Kazakhstan дизайн студиясы орындаған.

Екі тарихи тұлға бейнеленген ерсі сурет әлеуметтік желілерде тамыз аяғында пайда болды. Қоғамда бірден наразылық туды. Күйші Құраманғызының ұрпақтары және блоггерлер бұл постты намысты қорлауға теңеді. Жарнама агенттігін жауапқа тарту үшін, полицияға арыз жазды. Одан кейін сотқа Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы және Құрманғазы атындағы консерватория ұжымы шағымданған болатын.

Берік ХАСЕНОВ