Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өндірісте энергия үнемділігін 40%-ға арттырсақ, бұл ел экономикасына 10% өсім береді

AstanaTV
28.10.2014ж. 20:00
1125
Өндірісте энергия үнемділігін 40%-ға арттырсақ, бұл ел экономикасына 10% өсім береді

Өндірісте энергия үнемділігін 40%-ға арттырсақ, бұл ел экономикасына 10% өсім береді. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігі Индустриалды даму және өндіріс қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Мақсұт Ордабаев «Астана» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Қазақстанда қуат көзін тиімді пайдалану - өзекті мәселе.  Энергияны үнемдеуге бағытталған технологияларды игеру, әрі қолдану бағытында еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Белоруссиядан да кейін қалып отыр.

Мұндай мәліметті посткеңестік елдер өндірісіндегі энергия тиімділігінің әлеуетін зерттеген «Еуразия даму банкі» мен «Ernst & Young» компаниясы келтірді. Осы зерттеу нәтижесі бойынша әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанда, Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Украинаның экономикасы энергияны төрт есеге дейін артық жұмсайды. Қуат көзін көптеп шығындап жатқан металлургия өндірісі, тау-кен, пайдалы қазбаларды игеру сынды алпауыт салалар.

Мақсұт Ордабаев,  ҚР Инвестиция және даму министрлігі Индустриалды даму және өндіріс қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары:

Негізгі өндірістің тиімділігін арттыру пайызы 40 пайызға дейін қазір сиымдылықты төмендетуге болады. Білдіңіз бе, 40%. Соның өзі үлкен мәселе. Егер өндірісте 40%-ға дейін тиімділігін арттырсақ, жалпы экономиканың сиымдылығы 10%-ға азаяды.

Алайда энергия тиімділігіне баса мән беріп отырған өнідіріс ошақтары саусақпен санарлық. Зерттеу сұрақтарына жауап берген алпауыт өнеркәсіптер қуат көзін үнемдеуге қаржы тапшылығы, әкімшілік тосқауылдар сынды бірқатар кедергілерді сылтауратқан. Ал көптеген мамандар қуат көзінің тарифін көтерсе, өндіріс ошақтары үнемдеуге өздігінен көшеді деген ұстанымда. Алайда тариф мәселесіне қатысты сұраққа Инвестиция және даму министрлігінің өкілі жауап беруге қиналды. Мақсұт Ордабаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында да ортақ тариф туралы айтуға әлі ерте екенін жеткізді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ