Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанадағы қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты сын көп

AstanaTV
15.01.2016ж. 20:00
1379
Астанадағы қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты сын көп

Астанада 900-ге жуық қоғамдық көлік жүреді. Осы салада тәртіп өте төмен. Оны Астана қаласы әкімінің өзі айтып отыр. Әділбек Жақсыбеков автобус парктерінің басшыларына: «Джиптен түсіп, автобусқа мініңдер, тексеру жүргізіңдер», - деп тапсырма берді. Біздің арнаның тілшілері автопарк директорларына «барлауға» бірге шығайық деп ұсыныс тастаған еді. Бірақ ешқайсысы келіспеді. Ал бет қарыған аязда автобус күткен жолаушылардың да өз айтары бар. 

51-ге мінем, таңертең сол жағалауға жұмысқа барамын. Үлкен автобус болса ғой. Орын деген жоқ. Бір аяғымызбен тұрып барамыз!

30-35 минутқа дейін тұрып қаламыз. Жаздыкүні ештеңе емес, мына қыста қиын! Тағатымыз таусылып, басқа автобустарға да отырып кете береміз. Бірнеше пересадка жасаймыз.

Қоғамдық көліктердің айналасындағы бітпес жыр жолаушыларды ғана қажытып қоймаған сыңайлы. Жүргізушілердің де шекесі шылқып жүргені шамалы. 

Сәдуақас Бекманов, автобус жүргізушісі:

Таңғы 5-тен ұйқыдан тұрасың, сосын түнгі 11 жарым, 12-ге дейін жүресің. Шағым айтатындар болады. Алмай кетті аялдамадан деп. Сол кезде бізге 8 мың теңге айыппұл салады. Дұрыс емес ол енді.

Астанадағы қоғамдық көліктерге қатысты арнайы репортажды ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.