Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бас прокуратураның жыл қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

AstanaTV
15.01.2016ж. 20:00
1410
Бас прокуратураның жыл қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар» картасы интернет-порталы биыл толық іске қосылады. Бұл туралы Бас прокурор Асхат Дауылбаев құзырлы органның кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде аталған сервиске барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалалары қосылған. Мұнан өзге 20 моноқала портал қызметіне үлес қосады. Ендігі кезекте тағы 7 шағын қала мен  250-ден астам аудан орталықтары сервиске қосылады деп жоспарланып отыр.

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:

Ішкі істер органдары жұмысына жұртшылық тарапынан бақылауды қамтамасыз ететін портал осы жылы толыққанды іске қосылады. Ол қылмыспен күрес жұмыстарының ашық болуына жол ашады. Аталған портал құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетте жұмыс істеп тұрған ақпараттық сервис негізінде әзірленіп жатыр.

Жиын барысында сондай-ақ пайдаланылмай жатқан 1 миллион гектардан астам жердің мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болды. Оның тең жартысына жуығының топырағы құнарынан айрылған. Өкілетті органдарға жер телімінің құнарлылығын қалпына келтіруді талап ететін ұсыныстар енгізілді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА