Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтауда терезесінен телевизор лақтырған Юрий Халанның ісі қайта прокуратураға жіберілді

AstanaTV
30.10.2014ж. 10:00
845
Ақтауда терезесінен телевизор лақтырған Юрий Халанның ісі қайта прокуратураға жіберілді

Төрт жасар Ислам Қатаевтың төбесінен теледидар тастаған адамға қатысты іс прокуратураға қайта жіберілді. Бұған жәбірленуші тараптың шағымы себеп болған. Қатаевтар отбасының адвокаты қылмыстық айыптауды өзгертуді талап етуде. Яғни, «адам денсаулығына абайсыздан зиян келтірді» дегенді «адам денсаулығына қасақана зиян келтірді» деген айыпқа ауыстыруды сұрауда. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Aktau-Business интернет басылымы хабарлады.

Ал қорғаушының талабы орындалатын болса, күдікті Юрий Халанов тек айыппұлмен құтыла алмайды. Ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінде іс Ақтау қаласы прокуратурасына қайта тергеуге жіберілген.

Еске салайық, үстіне теледидар құлағаннан кейін Ислам Қатаев 20 күн бойы комада жатқан болатын. Ол көру қабілетінен айырылып, жартылай сал болып қалған. Ал ұсталған азамат кинескопты терезеден лақтырғанын мойындаған. Алайда, баланы байқамағандығын айтып ақталған. Айта кетейік, сот барысында айыпталушының психологиялық саулығы расталған болатын.

Жұрағат БАМАН