$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Әзірбайжан Қазақстанға келісілген жанармайды сатудан бас тартты

AstanaTV
30.10.2014ж. 13:00
1264
Әзірбайжан Қазақстанға келісілген жанармайды сатудан бас тартты

Әзірбайжан Қазақстанға жанар-жағармай жеткізбейтін болды. Әзірбайжанның «Сокар» ұлттық мұнай компаниясы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Вести Кавказа» ақпарат агенттігі.

«Сокар» компаниясы Қазақстан тарапынан бензинды экспортқа шығару жөнінде ұсыныс түскенін растап отыр. Алайда, мекеме өнімді сыртқа шығаратын әлеуетіміз жоқ деп жауап берген. Белгілі болғандай, бүгінгі таңда Әзірбайжанда өндірілетін сұйық отын ішкі нарықтың өзіне әзер жетуде.

Еске салайық, еліміздегі бензин тапшылығын реттеу үшін Энергетика министрлігі Әзірбайжан және Түркіменстан елдерімен келісімге келдік деп мәлімдеген болатын. Бұл елдерден АИ 92 маркілі бензин алуды жоспарлаған.

Естеріңізде болса, ведомство вице-министрі Ұзақбай Қарабалин импорт көлемі 69 мың тоннаға дейін жетеді деген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА