Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бас прокуратура Сирия мен Украинада қазақстандықтар соғысып жүргенін растады

AstanaTV
30.10.2014ж. 20:00
1115
Бас прокуратура Сирия мен Украинада қазақстандықтар соғысып жүргенін растады

Еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Ауғанстан, Ирак және Сириямен қатар Украинаның оңтүстік шығысындағы қарулы қақтығысқа қатысып жатқан қазақстандықтар жайында объективті ақпарат бар деп хабарлайды. Құзырлы орган дерегінше, азаматтарымыздың «ыстық нүктелерге» шығу талпыныстары толастамай отыр.

Бас прокуратура мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс саналатынын ескертіп отыр. Яғни Қылмыстық кодекстің 162-бабы соғысқа жалдамалылық, жалдануға үндеу, қаржыландыру, оқытып-үйрету және өзге азаматтарды қарулы жанжалда пайдалану әрекеттері бойынша өмiр бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырады. Аталған фактілер бойынша қазір құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қылмыстық іс қозғап, тергеуде. Бірнеше факт бойынша сот үкімдері де шығып үлгерді.

Еске салайық, өткен жылы ақпарат беттерінде Сирияға отбасымен аттанған 150 қазақстандық туралы хабар кеңінен тараған-ды. Ал Украина шығысындағы шиеленістегі азаматтарымыз жайлы ақпаратқа, отандық сыртқы ведомство, «нақты есімдер аталмағандықтан, негізсіз, шынайылығын құзырлы органдармен бірігіп анықтаймыз» деп пікір білдірген. «Бүгінде жекелеген азаматтардың Украинаның оңтүстік-шығысандағы қақтығыс аймағына аттанғаны анықталып отыр», - делінген құзырлы органның бүгін тарақтан хабарламасында. Енді Бас прокуратура мұндай қылмысты жасаған және жоспарлаған тұлғаларға қатысты заң күшейтілгенін хабарлап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ