Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қаржылай қиындықтың кесірінен «Ақтөбе» футбол клубының премьер-лигада қалуы екі талай

AstanaTV
15.01.2016ж. 20:00
1690
Қаржылай қиындықтың кесірінен «Ақтөбе» футбол клубының премьер-лигада қалуы екі талай

Қаржылай қиындықтың кесірінен «Ақтөбе» футбол клубының премьер-лигада қалуы екі талай. Бұл туралы команданың бұрынғы жаттықтырушысы Равиль Рамазанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржының аздығынан клуб қатарына мықты спортшылар тарту қиынға соққан. Ал, жергілікті футбол мектебінің түлектері Ақтөбені ел біріншілігіндегі үздік алтылыққа кіргізуге қауқарсыз көрінеді.

Равиль Рамазанов, «Ақтөбе» ФК бұрынғы жаттықтырушысы:

Қазір командада тек дублерлар өнер көрсетуде. Қайткенмен Смақов сияқты тәжірибелі ойыншылар қажет. Ал мұндай футболшылар 5-6 мың АҚШ ақшасы үшін ойнамайды.

Испандық «Реал» командасы, жаңа ойыншылар алу үшін, үш жүз миллион евро жұмсауға дайын. Бірақ қанша қомақты қаржысы болса да, Корольдік клубқа тың ойыншыларды алуға тыйым салынған. Мұндай қатаң шешімді ФИФА шығарды. Трансферлік ережені бұзғаны үшін, «Реал» мен «Атлетико» командалары халықаралық футбол федерациясының қаһарына іліккен.



Дакар додасының он бірінші кезеңі нәтижесіне сай қазақстандық спортшылар он үшінші орынға тұрақтады. Аргентинадаға сайыс спортшылар үшін  нағыз сын болды. 50 градус ыстықта ұйымдастырушылар жарыс жолын қысқартуға мәжбүр болды. Құм мен таулы жолдарды бағындыру спортшыларға оңайға соқпады. Десек те, Артур Ардавичус бастаған көлік мәре сызығын он бірінші, ал екінші отандық экипаж отыз үшінші болып кесті. Қазақстандық спортшылардың жүлделі орындарға жетуге әлі де мүмкіндігі бар.

Берік ХАСЕНОВ