Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елек өзенінің ластануы Каспий теңізінің экологиялық ахуалына әсер етуде

AstanaTV
30.10.2014ж. 20:00
6806
Елек өзенінің ластануы Каспий теңізінің экологиялық ахуалына әсер етуде

Елек өзенінің ластануы Каспий теңізінің экологиялық ахуалына әсер етуде. Ақтөбе облысындағы зауыттардан шығатын бор және хром қалдықтарын айтпағанда, «Ақбұлақ» коммуналдық шаруашылығы жіберетін кәріз сулары да жағдайды ушықтырып отыр. Олар жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде шамамен 10 млн текше метр аумақты алатын қалдықтарын Елекке ағызып жіберетін көрінеді.

1982 жылы іске қосылған арнайы су тазарту қондырғысы осыдан 3 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткеніне қарамастан, жұмысын тиісті деңгейде атқаруға қауқарсыз. Тек қар суының көлемі шаһардан шыққан қалдықты шайып кетер деген үмітпен, кәріз қалдықтарын көктемде ғана өзенге ағызып келген. Бұл мәселені тазарту құрылғыларын жаңарту арқылы шешуге болады. Мәселе қомақты қаражатқа тіреліп тұр дейді экологтар.

Зоя Писарогло, Ақтөбе облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

Қала өсіп келеді. Кәріз сулары да көбеюде. Оларды бір жерге жіберу қажет. Тазарту жұмыстары жүргізіледі. Құрылғылар да күрделі жөндеуден өтті. Бірақ кәріз суларын Елек өзеніне жіберу үшін, судың құрамын белгілі бір деңгейге жеткізу қажет. Мысалы, тазарту құрылғыларын жөндеу үшін 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Ал оның күшін арттыру үшін, бұдан артық ақша қажет болар.

Мансұр ЕСҚОЖИН