Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Маңғыстауда мұнайшы түлектер тым көбейіп кеткен

AstanaTV
30.10.2014ж. 20:00
1047
Маңғыстауда мұнайшы түлектер тым көбейіп кеткен

Оқу орындарында мұнайшы мамандығын даярлау тоқтатылады деген ақпаратқа қатысты Маңғыстау облысының басшылығы Астанаға арнайы келіп түсініктеме берді. Мәліметті бұрыс таратқан облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева түсініспеушілік болғанын айтып, бүгін кешірім де сұрады.

Бану Нұрғазиева, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Мен енді кешірім сұраймын. Менен де кетіп отыр. Бұл ақпаратты маған телефон арқылы, біздің өзіміздің газетіміз бар «Лада» деген, сайты да бар оның. Жас корреспондент телефон шалып, Бану Ғаниевна бір ауыз сөз айта салыңыз деген соң, мен де сол телефонмен айтқам, 24 колледжде осылай-осылай деп. Ал енді мемлекеттік тапсырыс денеді түсінбеген ғой. Содан бүкіл әңгіме шығып оыр ғой.

Дегенмен, бүгін аймақ басшылығы да, Білім министрлігінің өкілі де Маңғыстауда мұнайшы түлектер тым көбейіп кеткенін айтты. Сондықтан оқу орындарына бұл мамандықтарға мемлеттік тапсырыс, яғни грант саны азайғанын мойындады. «Ал ақылы бөлімде оқу әркімнің өз еркі», - деді. Мәселен, «Өзенмұнайгаз» компаниясында 10 мың жұмыс орыны ғана бар. Ал былтырдың өзінде үш мың түлек компанияға жұмысқа орналасуға ниет танытқан. Бұған қоса, ата-аналар қолында «күректей» дипломы бар баласын мұнай компанияларына жұмысқа тұрғыз деп әкімдікке «мінез көрсетеді» екен. 


Бану Нұрғазиева, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Төрт жылдан кейін бітіреді, келеді. Сол кезде шартты да ешкім есіне алмайды. Жұмыс жоқ бізде, осылай толып жатыр деп, адамдар жүреді.

Ал ата-аналар да дұрыс айтады. Олар бізге сұрақ қойып жатыр. Неге әкімдік бізге осы мәселені шешпейді? Біздің балалар осыны бітірген соң, міндетті түрде жұмысқа алынуы керек дейді. Сондықтан осы жағдайда корректировка енгізіп жатырмыз.

Еске салсақ, бірер күн бұрын 2015 жылдан бастап Маңғыстау облысында 24 колледж бен Есенов атындағы университетте мұнай-газ саласы мамандарын оқыту мүлдем тоқтатылады деген Нұрғазиеваның сөзі ақпарат құралдарында тарап кеткен болатын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ