Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Еуроодақ еуропалық ауылшарушылық тауарларын өндірушілерге көмек ретінде 39 млн еуро бөлмек

AstanaTV
31.10.2014ж. 13:00
1022
Еуроодақ еуропалық ауылшарушылық тауарларын өндірушілерге көмек ретінде 39 млн еуро бөлмек

Еуропалық одақ өз шаруаларына қосымша 39 миллион еуро бөлді. Ауылшаруашылығын дамытуға арналған 27 бағдарламаның қолдау тапқаны туралы хабарламаны еуропалық комиссия таратты.

Аталмыш бағдарламалардың жалпы бюджеті 77 жарым млн еуро. Бүгінде одақ бұл соманың тең жартысын ғана бөліп отыр. Қаржы жеміс-көкөністердің жаңа өнімі мен өңделген түрлерін, сүт және ет өнімдерін Еуропа мен үшінші елдерге жеткізуге жұмсалады. Ал бұған дейін Еуроодақ Ресей санкцияларынан зардап шеккен шаруаларына көмек ретінде 290 млн еуро бөлген еді. Шаруалар орта есеппен бір гектарына 300 еуро алады. Дегенмен, агросекторға бағытталған аталмыш көмектер азаюы мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ