$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев кенеттен қайтыс болды

AstanaTV
31.10.2014ж. 13:00
1544
Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев кенеттен қайтыс болды

Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев қайтыс болды. Бұл туралы қала әкімдігі қызметкерлеріне сілтеме жасап, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Әріптестерінің айтуынша, Жомарт Нұрғалиев кеше кешкісін көз жұмған. Көкшетауда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен облыстық байқау кезінде ол кенеттен жүрегі ауырсынғанын айтып, үйіне кетуге мәжбүр болыпты. Кейін жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Алайда, дәрігерлер Жомарт Нұрғалиевтің өміріне араша түсе алмады. Марқұмның денесі туған жері - Қостанай облысына жеткізіледі.

Еске сала кетсек, Жомарт Нұрғалиев биыл маусым айында ғана Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА