Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мұнай бағасы, теңге бағамы, ұлттық қор, зейнетақы активтері...

AstanaTV
16.01.2016ж. 20:00
2143
Мұнай бағасы, теңге бағамы, ұлттық қор, зейнетақы активтері...

Сонымен мұнай бағасы құлдилауын қоймай тұр. «Brent» маркасының баррелі 30 доллардан да түсіп кетті – 29,80 долларды құрады. Financial Times  басылымы америкалық ірі банк холдингіmorgan Stanley –ге сілтеме жасап, мұнайдың 20 долларға дейін арзандауы мүмкін екенін жазды.

«Мұнай бағасы 20-дан 30 долларға дейін болуы мүмкін» - деген Morgan Stanley –ң аналитигі Адам Лонгсон. Қытай валютасының әрі қарай да девальвациялануы мүмкін екенін, онда баррель 20 бірнәрсеге түсуі ғажап еместігіне тоқталған. Ірі қаржы конгломераты - француз банкі Société Générale /Сосьетé женера́ль/де пессимист. Олар да Қытайдың экономикалық көрсеткіштерінің күрт төмендеуі мүмкін деген болжамдар мен АҚШ-тағы мұнай өндірісінің азаймай отырғанын және Иранның «қара алтынды» осы уақытқа дейін оларға тыйым салынған нарықтарға шығаруға дайын екенін ескерген. 
 Мұнай бағасының баррелі тіпті 10 долларға дейін құлдырайтынын болжаған британдық сарапшылар бар...

Ал теңге 370 –ке секірген. Кейін орта есеппен 365-366-ға, апта аяғында 360-361-ге  дейін түсті.

Жарас Ахметов «Оoilgasproject» ЖШС директоры:

Мұнай әрі қарай да арзандаса, теңге де әлсірей бермек. Тәуелділік көрініп тұр – экспорттық салық азайса, валюта ұсынысы азаяды, ол теңгені төмен қарай сүйрейді... Сосын ҰБ саясатына да көп нәрсе байланысты. Бірақ оны түсіне алмай отырмыз. ҰБ бізге ақпараттық қара жәшік сияқты. ҰБ төрағасының жасайтын мәлімдемелері мен айтқандарыда мәселені анық көруге септеспейді. Объективті ақпарат жоқ, дәлірек болжам жасау үшін.

Ал кәсіпкерлердің «Атамекен» ҰП төрағасы Абылай Мырзахметов, теңге «табанға» әлі жетпегенін айтты. Бірақ бірнеше айда «жағдай тұрақталады» дейді...

Мұнай бағасы төмендей берсе, теңге сүңги берсе, бюджеттің негізгі параметрлері қалай болмақ? Ондағы есептер басқа ғой?

Бақыт Сұлтанов, Қаржы министрі:

 Келесі аптада Премьер-министрдің қатысуымен экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтеді. Сол жиында барлығын қараймыз. Ол жерде бюджетті қайта қарау мәселесі де сөз болуы мүмкін. Біздің бюджет АҚШ валютасының бағамы 300 теңге, мұнай баррелі 40 доллар деген есеппен құрылған. Ал қазіргі көрсеткіш - баррелі үшін 30 АҚШ доллары. Осы сценарий шынайы. 

Мұнай баррелінің 30 доллардан да түскені бюджеттің негізгі межелерін қайта қарауға мәжбүрлейді. Біздің демеуіміз Ұлттық қорға байланысты белгілі де, беделді Wall Street Journal басылымы біраз ойлантып тастайтын мақала басты.  Басылым Ұлттық Банкке қарайтын Ұлттық инвестициялық корпорацияны осы аптаға дейін басқарып келген Берік Өтемұраттың пікіріне де сүйенген. «Қазір 63,5 миллиард доллар жинақталған Ұлттық қор 6-7 жылда босап қалуы мүмкін. Оған мемлекет кірістерінің азаюы мен қор қаржысының қазына жыртығын жамауға жұмсалатыны ықпалдасады»-деген. ҰҚ активтері 2014 жылы тамызда 77 миллиардты құраған етін, содан бері 17 пайызға төмендеген. Үкімет қордан бюджетке жыл сайын 9,5 млрд алады.

Бейнеқыстырма

Мұнайлы елдердің мұнай бағасы аспандап тұрғанда жинаған қорларының сарқылу қаупі қазіргі мұнай бағасы күрт төмендегеннен ғана емес/бұрынғыдай түсім жоқ/, өкіметтерінің сол қаржыны жұмсауға ынтызарлығынан да төнгенін халықаралық сарапшылар айтып отыр.  Халықаралық валюта қоры Азия, Африка, Латын Америкасы мен Таяу Шығыс елдеріне, оның ішінде Қазақстан да бар, мемлекеттік мүліктерді сатып, бюджеттің шығыстарын азайтуды ұсынады. «Оларға тез қимылдау керек, әйтпесе қазіргі динамика сақталса, дербес қорларының активтері тез сарқылады» - деген қордың қызметкері  Майкл Папайо-ану. Ал Берік Өтемұрат ҰҚ кірісінің төмен екеніне, оның қызметінің жабықтығына айрықша тоқталған. Ашықтық ғана Ұлттық қор қаржысының қайда жұмсалып жатқанын тиімді бақылауға мүмкіндік беретінін айтқан.

Жарас Ахметов «Оilgasproject» ЖШС директоры:

Осы мақалада автор Ұлттық қордың мәліметтері мөлдір емес дейді. Ал біз ешнәрсе білмейміз. Ұлттық банктің статистикасына, Қаржы министрлігінің есептеріне қарап Ұлттық қордың кірістері мен алымдары туралы ақпарат табуға болар. Бірақ ҰҚ құрылымы, шешім қабылдауларына байланысты ешнәрсе түсінбейміз. Себебі бәрі қоғамнан жабық. Сондықтан 6-7 жылда қор қаржысы таусылады дегенге байланысты не айтарымды да білмеймін. Әйтпесе ақпарат жоғары деңгейдегі маманның субъективті пікірі ретінде қабылданады. Оның кәсіби маман екені мүлдем «жоқ, мүмкін емес» дегізбейді. Бірақ оның сөзін жоққа да шығара алмайсың, келісе де алмайсың.

Өтемұрат мырза өзі айтқандай/қызметімнен кетіреді-ау деген/, апта ортасында оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланды. ҰБ –ң шешімімен Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін және басқа да активтерін басқаратын корпорация төрағасы болып  kaseтөрағасы болып келген Есжан Амантайұлы Біртанов сайланды...

Ал экономикаға керек ақшаны дәлірегі - несиені қайдан аламыз? «Атамекен» ұлттық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов, банктер ақша алатын қайнар көз жоқ екенін айтты. Иә-иә, бірден түсінген шығарсыздар, көздегендері зейнетақы қорындағы ақша, сол баяғы...

Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық палатасының басқарма төрағасы:

Банктер ақша алатын қайнар көз жоқ. Ұзақ уақыт зейнетақы салымдарын алып келді. Мемлекет Басшысының алаңдаушылығын білесіздер. Банктерге үйіп-төніп бермеуді айтты. Бұл мәселе келесі аптада талқыланады.  Әзірге Ұлттық банк қысқа мерзімге беріп отыр. Бірақ қымбат. Алайда бизнеске ағымдағы қаражат керек. Қазір дағдарыс, бизнес еркін айналымдағы бағамға үйреніп жатыр, бизнес жоспарларды болжағанша ол тұрақтануы да керек.

Ондай саяси шешімді Мемлекет Басшысы қабылдаған. Әйтсе де зейнетақы қорын басқару туралы шешім де шықты. Яғни президент жанындағы кеңес ұлттық қорды басқара отырып, шешім қабылдайды. Сосын Ұлттық банк бар. Мемлекет басшысы әуестенбеуді айтты. Бірақ бұл мүлдем пайдаланбау деген емес. Тыйым жоқ. Біз зейнетақы қорынан белгілі-бір көлемда ақша алатынымызға сенеміз. Себебі банк секторын қолдау керек. Дәл қазір нақты қанша екені туралы айтқым келмейді. Негізі білемін. Журналистер сосын жазады – міне, Мырзахметов 300 миллиард немесе 500 миллиард керек деп жатыр-деп.

Айтпақшы «Атамекен» палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы кәсіпкерлері палатасының аймақтық кеңесі мүшелерімен кездескенінде мынадай бір «қызық» ұсыныс айтыпты. Оның сөзін палатаның ресми веб-сайты жариялады. Тимур Құлыбаев нарықта теңгенің аздығын аргумент қылып, жекешелендірудің қиын болатынына тоқталған. Сөйтіп, сатылатын нысандардың 25 пайызын ғана төлеуге /мүмкін қалған акцияларын біртіндеп төлейді/, рұқсат беретін жаңа ереже туралы ұсыныс қылтиды: 

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ұлттық палатасының төралқа төрағасы:  

Егер тәжірибесі жақсы, қызметкерлері білікті, қаржы жағынан тәртіпті,  бірақ қазір ақшасы онша жетіңкіремейтін компания болса, оған белгілі-бір нысанды жекешелендіріп алуға неге рұқсат етпеске? Мысалы, ол шартты түрде айтсақ, сатылуға түскен кәсіпорын акцияларының 25 пайызын төлесін. Ал палата ондайларды қолдап, аталған жобаны толық  іске асқанша көмектессін.

Жұмада үкімет мүшелері Орталық коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихатын өткізіп, мұнай баррелі 20 долларға құлдиласа қалай қимылдайтындарын айқындайтын жоспарды қазірден түзіп қоятындарын хабарлады. Сондай-ақ, Ұлттық қордың ақшасы бірнеше жылда сарқыла қалмайтынына, зейнетақы қорындағы активтердің бейберет жұмсалмайтынына сендіріп бақты...