Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда екі полиция көлігі соқтығысып қалды

AstanaTV
07.11.2014ж. 10:00
1014
Оралда екі полиция көлігі соқтығысып қалды

Оралда екі полиция көлігі соқтығысып қалды. Абырой болғанда, жапа шеккен адам жоқ.

Түнгі сағат он бірлер шамасында, бір бағытқа ғана жүруге рұқсат беретін жолда, ережені өрескел бұзған «Фольксваген-Пассат» көлігі екпінін тежей алмай, полиция машинасына соқтығысады. Кінәсін мойындаған ереже бұзушының мас екендігін анықтаған полицейлер дереу хаттама толтыруға кірісті. Тиісті құжаттарды рәсімдеп біткесін, көлігін орнынан қозғамақ болған полицей артта әріптесінің көлігі тұрғанын ұмытып кетсе керек, шегінген кезде ол көлікке барып тағы соғылады. Алайда, аяқ астынан жол апатына себепкер болған қызметтесіне хаттама толтыруға полицейлер асықпады.

Қайсар, оқиға куәгері:

Мен мінген көліктің иесі мас екен, сосын біз адасып кеттік. Жолдың бір бағытты екенін байқамай қалдық та, қарсы келе жатқан полиция көлігіне соқтығыстық. Мен мінген көліктің иесіне хаттама толтырып болғасын, орнынан қозғалған патрульдік машиналар бір-бірімен түйісіп қалды.

Еркін ҚАРИН