Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанайда екі балықшы суға батып кетті

AstanaTV
07.11.2014ж. 13:00
1337
Қостанайда екі балықшы суға батып кетті

Қостанай облысында 3 ер адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға Әулиекөл ауданында болған. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тереңдігі 5 метрдей болатын көлде балық аулап отырған азамат суға батқан. Осы кезде жағада жүрген ерлі-зайыптылар мұны көріп, ері балықшыны құтқаруға ұмтылады. Сол маңнан өтіп бара жатқан тағы бір тұрғын да жәрдем беруге келеді. Нәтижесінде үш азамат түгелдей суға батқан. Ал әйелді үсік шалып, ол ауруханаға жеткізілді.

ТЖ департаменті баспасөз қызметінің өкілі Уәлихан Досановтың хабарлауынша, қазір 1956-шы және 1951 жылы туған екі адамның мәйіті судан шығарылды. Ал 1965 жылы туған азаматтың денесі іздестіріліп жатыр.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА