Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда ірі жол апатынан 3 адам қаза тапты

AstanaTV
07.11.2014ж. 13:00
1035
Павлодарда ірі жол апатынан 3 адам қаза тапты

Екібастұз-Павлодар тас жолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті хабарлады.

Жол апаты кеше түнде орын алды. Қайғылы оқиғаға қалың тұман себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Полицияның таратқан мәліметінше, 43 жастағы «Фольксваген Гольф» маркалы көлігінің жүргізушісі «Қарағанды-Павлодар» бағытындағы жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі мен салондағы 20 және 14 жастағы жолаушылары оқиға орнында жан тапсырды. Барлығы Солнечный ауылының тұрғындары. Ал автобустағы 15 жолаушы дін аман. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Толығырақ кешкі жаңалықтарымызда баяндаймыз.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА

Алдыңғы жаңалық