Бүгін АҚШ валютасының бағамы 13
теңгеге нығайды. КАSЕ қор биржасының таңертеңгі сессиясында бір «америкалықтың»
орташа құны 372 теңге 58 тиынды құрады.
Ал Астанадағы айырбастау пункттерінде
бір шетел валютасы 378 теңгеге сатылды. Тіпті 380 теңгеге саудалағандар да
болды. Кейбір айырбас бекеттерінде АҚШ ақшасын сатып алу тоқтатылған.
Естеріңізге салайық, бұған дейінгі антирекорд 12 қаңтарда тіркелген еді. Ол
кезде көк қағаз 370 теңгені құраған болатын.
Бүгін Brent маркалы мұнай
бағасы да 28 АҚШ бірлігінен төмендеді. Лондон биржасында қара алтынның бұл түрі
27,72 АҚШ валютасына саудаланды. Сарапшылар мұны Иранның санкциядан
босатылуымен байланыстырып отыр.