Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Қазақстан темір жолы» компаниясының меншігіндегі 6 актив сатылымға шығады

AstanaTV
17.11.2014ж. 10:00
1460
«Қазақстан темір жолы» компаниясының меншігіндегі 6 актив сатылымға шығады

Осы айда «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының меншігіндегі 6 актив сатылымға шығады. Жоспарға сай тасымалдаушы компания электронды аукционға барлығы 34 нысанды шығаруы керек. Әзірге үш актив жеке меншікке өткен. Олардың сатылған бағасы белгіленген бағадан екі есеге дейін өскен.

Осы айда жекшелендіруге өтетін кәсіпорындар темір жол машиналарын жөндеп, қызмет көрсетумен шұғылданады. Ұлттық компания вице-президентінің айтуынша оған саланы жетік білетіндер қызығушылық танытуы мүмкін. Бірақ кәсіпорындар сатылғанымен, кәсіптік бағыты өзгермеуі тиіс деп санайды мамандар.

Алмас Лепесбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті:

Сатып алуға келетіндердің барлығы темір жол компаниялары мен тапсырыс берушілермен байланыс орнатуға мүдделі. Бағаны көтеріп, кейін тапсырыссыз қалуға болмайды. Сондықтан аукционға бұрыннан осы салада жүрген компаниялар қатысады деп ойлаймын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ