Астанада «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағалары ұсталды. Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Осы ақпарат шыққан сәтте әлеуметтік желіде тұрғын үйлердің жанында дорба-дорба доллардың шашылып жатқаны туралы видео тарады. Онда аспаннан жауған ақшаның иесі осы қос төрағаның бірі болуы мүмкін екені де жазылған. Әзірге бұл ақпараттың рас-өтірігі белгісіз. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты жариялаған жоқ. Мемлекет басшысы Жолдауда «Заң мен тәртіп» қағидаты жайлы ерекше айтып өткен еді. Ірі ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының ұсталуы – осы идеалогияның сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асып жатқанын көрсетеді.