Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бергей Рысқалиевтің сыбайластарына қатысты сот үкімін жариялау басталды

AstanaTV
14.11.2014ж. 10:00
768
Бергей Рысқалиевтің сыбайластарына қатысты сот үкімін жариялау басталды

Осы сағаттарда Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің сыбайластарына қатысты сот үкімін жариялау басталды. Айыпталушылар қатарында Бергей Рысқалиевтің бірінші орынбасары болған Болат Дәукенов, бұрыңғы қала әкімі Асқар Керімовтен бастап, сол кезде аймақ билігін тізгіндеген бірқатар шенеуніктер мен кәсіпкерлер бар. Бас-аяғы 22 адам айыпталуда. Оларға Бергей Рысқалиевтің жетекшілігімен лауазымын асыра пайдаланып, бюджеттің 71 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр.

Прокурорлар 11 айға созылған сот процесі барысында айыптаушыларды 8 бен 18 жыл аралығында бас бостандықтарынан айыруды сұраған еді. Соңғы сөз судьяда. Бейресми деректерге қарағанда, экс-шенеуніктерге шығарылатын үкімнің өзі екі мың беттен тұрады.

Айта кетейік, 777 томнан тұратын ауқымды қылмыстық істі қарау биыл қаңтар айында басталды. Сот ашық түрде жүргізілгенімен, сот залына бұқаралық ақпарат құралдары кіргізілген жоқ. Журналисттер тек дәлізде орналасқан монитордан бақылуға ғана мүмкіндік алды. Ал қылмыстық істің басты фигуранттары - Бергей Рысқалиевтің өзі мен ағасы экс-мәжілісмен Аманжан Рысқалиев қашып жүр. Оларға үстіміздегі жылдың қаңтарында іздеу жарияланды.

Базаркүл ІЗІМОВА