Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ж.Әубәкірова Елбасына Қазақ ұлттық консерваториясының алдағы жоспарлары туралы баяндады

AstanaTV
13.11.2014ж. 10:00
1238
Ж.Әубәкірова Елбасына Қазақ ұлттық консерваториясының алдағы жоспарлары туралы баяндады

Президент Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованы қабылдады. Ол Елбасына, консерваторияның қазіргі тынысы мен алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп жазады «Ақ Орданың» баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев консерваторияның биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанын, осы уақыт ішінде оның елдегі жетекші музыкалық оқу орны ретіндегі маңызын сақтап қалғандығын атап өтті. Президент шығармашылық кадрларды сапалы дайындауды жалғастыруы қажеттігіне назар аударды. Ал қазақ ұлттық консерваториясының ректоры музыкалық білім беру мен жалпы мәдениетті дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөлетіндігі үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

Алдыңғы жаңалық