Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Ислам мемлекеті» «Форбс» журналының рейтінгінде әлемдегі ең бай террористтік ұйым атанды

AstanaTV
13.11.2014ж. 10:00
1364
«Ислам мемлекеті» «Форбс» журналының рейтінгінде әлемдегі ең бай террористтік ұйым атанды

«Ислам мемлекеті» экстремистік жасағы әлемдегі ең бай террористік ұйым деп танылды. Мұндай ақпаратты «Форбс» журналының Израилдік редакциясы келтіреді.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, әсіресе, исламшы содырлардың жылдық табысы 2 млрд долларды құрайды. Қаржының басым бөлігін олар қол астында ұстап отырған Ирак және Сирия мұнайын қара нарыққа сату арқылы алуда.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, қарулы жасақтар мұнай келісімдері арқылы ғана жыл сайын 1 млн долларға жуық пайда табады. Олар алтын сату арқылы да қыруар табысқа кенелуде. «Форбстің» бай лаңкестік топтар тізіміндегі екінші орында «ХАМАС» қозғалысы. Олардың жылдық табысы 1 млрд доллар.

Сонымен қатар, ең бай деген террористік ұйымдар қатарында Колумбияның қарулы жасақтары мен «Хизболла», «Талибан» және «Әл-Каида» ұйымдары бар. Олардың жылдық пайдасы 150 мен 600 млн доллар төңірегінде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

Алдыңғы жаңалық