$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Өскеменде жол полициясы қызметкерлері мен мектеп оқушылары ерекше рейд ұйымдастырды

AstanaTV
14.11.2014ж. 10:00
1310
Өскеменде жол полициясы қызметкерлері мен мектеп оқушылары ерекше рейд ұйымдастырды

Өскеменде жүгенсіз жүргізушілерді жеткіншектер тәртіпке шақырды. Балғындар абайлап жүру керектігін жаяу жүргіншіге жол бермей жылдамдыққа басатын көлік иелерінің тағы қаперіне салды.

Оқушылар мен полицейлер ешкімге айппұл салған жоқ. Тек мағыналы суреттер таратты. Қауіпсіз жолдың қандай болуы керектігін балалар әдемілеп суреттеген. Өкінішке қарай, бұл көрініс шынайы жағдайдан алшақ. Жыл басына бері Өскеменде 222 апат болып, 12 баланы ажал құшты. Оқушылардың үгіттеу жұмыстары нәтиже берген сияқты. Бұл әрекет жол ережесін бұзған кейбір жүргізугілерге ой салды. Кейбірі балалардың көзіне түсіп ұятты болғанша, айппұл төлеген оңай деп мойындады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА