Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Калачи ауылында «ұйқы ауруы» тағы да белең алды

AstanaTV
17.11.2014ж. 10:00
1345
Калачи ауылында «ұйқы ауруы» тағы да белең алды

«Ұйқы ауруы» тағы да белең алды. Ақмола облысындағы Калачи ауылының төрт тұрғыны ұйқыға кеткен. Олардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Тағы бір 38 жастағы әйел де емдеу мекемесіне түсті. Қазір оны аудандық ауруханаға жіберу жағы қарастырылып жатыр. Дәрігерлердің хабарлауынша, бұл жолы ұйықтап кетіп, оянбай ауруханаға түскендер арасында бұған дейін осы белгісіз дертпен ауырғандар да бар. Әзірге себебі белгісіз аурумен дәрігер көмегіне жүгінгендер саны 60 адамға жетіп отыр. 


«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, Калачи аулы тұрғындары келесі жылы басқа елді мекенге көшірілмек. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров мәлімдеген. Ауыл тұрғындарын көшіруге 2 млрд теңге бөлу жөнінде Үкіметке ұсыныс жасалған. Халыққа баспана беру және жұмыспен қамту мәселесі де шешілмек. 

Илхам ИБРАХИМ