$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ақтөбе облысында Есет Батыр кешенінің қайыр-садақа жәшігіндегі ақша ұрланды

AstanaTV
18.11.2014ж. 10:00
1565
Ақтөбе облысында Есет Батыр кешенінің қайыр-садақа жәшігіндегі ақша ұрланды

Қайыр-садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлады. Ақтөбе облысындағы Есет Батыр мемориалдық кешеніне ұры түсті.  Батырдың қабіріне зиярат етушілердің садақасын белгісіз біреу қолды еткен. Түн жамылып келген қарақшы мәрмәр таспен қапталған жәшікті қиратқан. Ішінде қанша қаражат болғандығын дөп басып ешкім айта алар емес. Кесене шырақшысы бірден полицейлерге хабар бердік дейді.

Құқық қорғаушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары 25 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Қазіргі таңда күдіктіден тұрғылықты мекенінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаның жартысын ғана тәркіледік дейді. Қазіргі таңда кешенге келген шығын көлемі анықталуда. 

Сәкен Мейірманов, шырақшы:

Ұрлықты еш уақытта да Алланың алдында да, қоғамымыздың алдында да ешқашан ақтай алмайды, ешкім ақтауға тырыспау да керек, қалай ұрлық жасаса да, қалай сипаттаса да, ұрлық ұрлық болып қала береді.

Мансұр ЕСҚОЖИН