Батыс Қазақстан облысында қарлы
боранға байланысты жолдар жабылып жатыр. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар
мамандары хабарлауда. Кеше кешкісін 4 бірдей облыстық маңызы бар жолдар
жабылған. Сала мамандары алыс сапарға шықпау жөнінде ескерту таратып жатыр.
Алдағы күндері Қазақстанның басқа да аймақ тұрғындары да аса сақ болғаны жөн.
Өйткені 3 күн бойы еліміздің барлық өңірлерінде боран, үскірік аяз болады.
Синоптиктердің болжауынша, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жер-жерлерде
қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 20 метрге
жететін жел соғады. Ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауады, кейбір жерлерде
тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс облыстар антициклонның ықпалында қалып, -18
градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
Илхам ИБРАХИМ