$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ресейлік сарапшылар «Эхо Москвы» толқынында Елбасы Жолдауының тиімділігін атап өтті

AstanaTV
19.11.2014ж. 13:00
1070
Ресейлік сарапшылар «Эхо Москвы» толқынында Елбасы Жолдауының тиімділігін атап өтті

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы Қазақстанның дамуын қамтамасыз етіп, Кеден одағы елдерінің арасында бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырады. Үштік арасында Қазақстан тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік модель қалыптастыру жағынан да дараланбақ. «Эхо Москвы» радиостанциясына сұхбат берген Ресей сарапшылары осылай дейді.

Бір жағынан Астана Ресейге салынған сансыз санкциялардың зардабын көріп  отыр. Өйткені көрші елмен тығыз қарым-қатынаста. Ресейге қысым көрсетіп отырған елдермен де Қазақстан қоян-қолтық араласып, серіктесуде. «Дәл осы себептен елдің одан әрі дамуға тамаша мүмкіндіктері бар», - деп есептейді сарапшылар. Олар елдегі үш негізгі факторды атап өтті: макроэкономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, сондай-ақ салықтың төмендігі. Бүгінгі күннің өзінде салықтың төмендігі Ресей кәсіпкерлерін қызықтырып отырса керек.

Сарапшылардың айтуларынша, жаңа экономикалық бағдарлама көлік-логистикалық инфрақұрылымын, сауда саясатын дамытып, коррупциямен күрес, еңбек кодексін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Астанада қаражат көбінесе экономика мен әлеуметтік салаларға бөлінетіндігі де құптарлық. Ал Ресейде көбінесе әскери салаға көп инвестиция салынады дейді олар. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА