Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Қазақстандық ет брендінің сапасы жоғары болады

AstanaTV
19.01.2016ж. 20:00
1580
Қазақстандық ет брендінің сапасы жоғары болады

Қазақстандық ет брендін қалыптастыруда химиялық қоспалар пайдаланылмайды. «АкТеп» компаниясының директоры Нұрлан Сағыналин осылай деп сендірді. Айта өтейік, таяуда «АкТеп» компаниясы мен италиялық ірі трансұлттық «Inalca Eurasia» агроөнеркәсіп корпорациясы меморандум жасасқан.

«Inalca Eurasia» қазақстандық ет брендін қалыптастырып, тауарды Еуропа мен Ресей нарығына экспортқа шығаратын болды. Отандық ет саласына 100 миллион еуро инвестиция салмақ. Бұл қаражат еліміздің үш облысында мал бордақылау кешендерін құруға жұмсалады. Және Ақтөбе облысындағы ет комбинаты жаңғыртылып, оның қуаты арттырылмақ.

Нұрлан Сағыналин, «АкТеп» компаниясының директоры:

Наша цель и задача - производство органической говядины. Это значит натуральные все продукты, выращенные без пестицидов.

Сондай-ақ, компания басшысы бірер күннің ішінде нарыққа ит пен мысыққа, балыққа арналған отандық жем-қорек шығармақ. Оны ірі қара малдың тұяғы мен мүйізінен жасауды қолға алған. Ал отандық өнімнің бағасы импорттық тауармен салыстырғанда әлдеқайда қолжетімді болады, дейді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА