$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада екі күн ішінде қала сыртына 23 мың текше қар шығарылды

AstanaTV
20.11.2014ж. 10:00
1016
Астанада екі күн ішінде қала сыртына 23 мың текше қар шығарылды

Астанада жауған қалың қар көпшілікті әлі де әбігерге салуда. Жолдарды тазалау жұмыстары күні-түні жалғасып жатыр.

Осыған байланысты қалалық коммуналдық шаруашылық саласының мамандары БАҚ өкілдерімен бірлесіп, жұмыс барысын бақылауға шықты. Көше бойында әлі де тазартылмаған қар көп. Қала билігі мұны жауған қардың жылдағы мөлшерден екі есе артық түскенімен байланыстырды.

Екі күн ішінде қала сыртына 23 мың текше қар шығарылды. Тазалау жұмыстарына қажетті техника жеткілікті. Бүгінге дейін Астананың 70 пайыз көшелері қар құрсауынан құтылған. Алдағы 1-2 күннің ішінде қала толығымен тазаратын болады. Жалпы, жүргізушілер үшін де қолайлы жағдайдың барлығы жасалуда, - дейді.

Тимур Әбіжанов, Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

Құм-тұз қоспасы бар 25 мың текше метр дайындалған. Енді қазір күні бойы 21-23 машиналар осы қаланың көшелерін аралап жүр. Құм-тұз қоспасын шашып жатыр. Жалпы жұмысшылардың саны 1500. Олар осы көшелерді тазалап жүр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ